Жарияланған күні: 11.04.2018 15:34
Өзгертілген күні: 11.04.2018 17:41

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті 2018 жылғы 11 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 12 сәуір күні сағат 02.30-ға дейінгі уақыт аралығында  ішкі процестерді оңтайландыру үшін «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесін жаңартылуын орнату жұмыстары жүргізілетінін мәлімдейді.

1.    ЭШФ бланкінде үшінші елдерге экспорттау кезінде G2 «Тауардың, жұмыстардың, қызметтердің шығу белгісі» өрісі «5» мәнімен толтырылса G4 «Тауар коды (СЭӘ ТН)» өріс мәнін толтыру міндеттілігін бақылауды алу;

2.    БҚ нысандарында үтірден кейінгі таңбалар саны 2-ден 6 дейін кеңейтілді;

3.    ВҚ нысандарында «Тауарды өткізу айналымының көлемі» бағанындағы тауарлар бойынша жалпы соманы көрсететін өріс кеңейтілді;

4.    Бірегей өнімнің қалдықтары біреуден артық болған жағдайда, ЭШФ арқылы іске асыруға тек бір ғана бірегей өнімді таңдауға мүмкіндік беретін қате түзетілді.

 

Осыған байланысты, белгіленген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қол жетімді болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!