Жарияланған күні: 17.05.2018 18:03
Өзгертілген күні: 17.05.2018 18:05

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірстер Комитеті 2018 жылғы 17 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 18 мамыр күні сағат 02.30-ға дейінгі уақыт аралығында  «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйе жаңартылу пакетін орнату жұмыстары жүргізілетінін мәлімдейді. Жаңарту пакетіне келесі тапсырмалар енді:

  1. ЭШФ бланкін толтыру кезінде күнтізбедегі күндердің көрсетілімі жөнделді.
  2. Тауар алмасуы болмаған жағдайда және тауар жіберушінің виртуалды қоймасында болмаған жағдайда түзетілген ЭШФ жіберуді болдырмау қателігі түзетілді.
  3. «ТД немесе 328.00 СЕФ тауар позициясының нөмірі» өрісі «Тауар қалдықтары» журналында іздеу фильтріне және форма толтыру кезінде (егер тауар қоймадан таңдалса) «Тауарды таңдау» терезесіне қосылды.
  4. Түзетілген ЭШФ қайтарып алу кезінде негізгі ЭШФ қалпына келтіру функциясын жүзеге асыру.
  5. ИМ 70 00 процедурасы енетін ТД ЭШФ АЖ-не жүктеу бойынша өңдеу қосылды.
  6. Веб/импорт/АПИ кезінде айналым өткізілу күнін  тексеруге «'Айналым өткізілу күні' реквизиті дұрыс көрсетілмеген» ФЛТ қосылды.
  7. Бір уақытта ВҚ-да бірнеше формаларды жою мүмкіндігін қосу, «Шимай түрі» және «Қателік» статустағы нысандар үшін.
  8. ЭШФ АЖ веб-қосымшасында импортталған ЭШФ өзгерту мүмкін, өзгертулер ЭШФ жасау ережелеріне сәйкес жүргізіледі
  9. "ЭШФ Кеңейтілген іздеу" ЭШФ журнал фильтріне "ЭШФ статус тағайындау күні" критерийі қосылды.

Осыған байланысты, белгіленген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қол жетімді болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!