Жарияланған күні: 24.02.2017 09:00
Өзгертілген күні: 24.02.2017 10:22

Құрметті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

 

Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесінің (ЭШФ АЖ) бағдарламалық-аппараттық кешенінің желілік және серверлік  жабдықтарындағы бар мәселелерге байланысты  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ЭШФ АЖ өнімділігін жоғарылату және байланыс арналары бойынша техникалық жұмыстар кешенін өткізуі жайлы шешім қабылдады.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 09-00 бастап 27 ақпан сағат 09-00 дейін ЭШФ АЖ  уақытша қол жеткізу мүмкіндігі болмайды.

Ақпараттық жүйе жұмысын уақытша тоқтатуға дейінгі жіберілген шот-фактуралар жүйеде өңделіп, олардың жіберілу күнімен тіркелетініне назар аударуларыңызды сұраймыз.

24.02.2017 ж-дан  26.02.2017 ж.  күндер аралығында шот-фактуралар Салық кодексінің 263 бабының 2-1 тармағының 2) бөліміне сәйкес қағаз тасығышта жіберілуге рұқсат беріледі. Алайда, техникалық қателіктерді (ЭШФ АЖ жұмысының қалпына келтіруі) қалпына келтіруден кейін қағаз тасығышта жазылған шот-фактуралар электрондық түрге техникалық ақауларды қалпына келтіру (ЭШФ АЖ жұмысының қалпына келтіруі) күнінен 15 күн уақыт аралығында қайта жіберілуі тиіс.

Келтірілген қолайсыздыққа кешірім сұраймыз.