Жарияланған күні: 21.06.2017 15:36
Өзгертілген күні: 21.06.2017 15:37

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Құрметті салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2017 жылдың сәуір айынан бастап республиканың алты өңірінде мемлекеттік қызметті алу рәсімін оңтайландыру және оңайлату мақсатында: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің эксаумақтық қағидатын еңгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Қызмет көрсетудің эксаумақтық қағидаты салық төлеушінің есепке алу тіркеу орнына байлаулы болмауы, яғни, кез келген мемлекеттік кірістер органдарында қызметті алу мүмкіндігін көздейді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)