Жарияланған күні: 28.03.2018 18:47
Өзгертілген күні: 28.03.2018 18:48

Кұрметті салық төлеушілер!

 

2018 жылдың 23 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 270 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде электронды түрде шот-фактураларды жазу ережесін бекіту туралы» 2018 жылдың 1 сәуірінен «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қоймасы» модулі  тәжірибелі түрде жұмыс жасайды.

Бастапқы кезеңде, бұл функционалдық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 ақпандағы №58 бұйрығына сәйкес кедендік әкелу баждарын төмендетілген ставкасын пайдаланушыларға қатысты автокөлігін сатушы салық төлеушілер үшін қолданылады. «Виртуалды қоймасы» модулінде, сондай-ақ API интерфейсінде жұмыс істеу нұсқаулығы сілтемеде орналастырылған: https://kgd.gov.kz/ru/content/testovyy-stend-esf-1