Жарияланған күні: 16.01.2018 16:28
Өзгертілген күні: 16.01.2018 16:40

Құрметті Сыртқыэкономикалық қызмет өкілдері!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті осы хатпен жоспарланған серверлік құрылғыларды миграциялау бойынша жұмыстар 2018 жылдың 17 қаңтарынан 2018 жылдың 18 қаңтарында сағат 00:00 ден 04:00 ге дейінгі кезеңге ауыстырылғанын хабарлайды.  Осыған байланысты, АСТАНА-1 АЖ жұмысы уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Оған қоса, келесі әрекеттерді орындау қажеттілігі жөнінде хабарлаймыз.

Брокерлер және декларанттар үшін

1.  http://212.154.167.54:8080 сыртқы сілтемесі бойынша кіру;

2.  jnlp файлды қайта жүктеу және іске қосу.

Аталған әрекеттерді ҚР ҚМ МКК серверлерді миграциялау бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін орындау қажет.