Жарияланған күні: 16.08.2019 12:03
Өзгертілген күні: 20.08.2019 17:57

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

16 тамыз 2019ж.                                                                                                                                                           Нұр-Сұлтан қ.

 

ҚЫМБАТ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН УАҚЫТША САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНДА САҚТАУ ТУРАЛЫ ЖАҒДАЙДЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ АЙҚЫНДАДЫ

 

Уақытша сақтау қоймаларында 500 - 9000 АҚШ доллары бағасымен 1965-2013 жылдары шығарылған 117 автокөлік құралдары орналастырылған.

 

Қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заттай дәлелдемелер ретінде 2006 жылдан 2016 жылдар бойынша УСҚ автокөлік құралдары орналасқан. Берілген автокөлік құралдары санында, сондай-ақ, Қырғызстан азаматтарының сенімхатымен Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелінген жеңіл автокөліктер бар. Көрсетілген құралдар кедендік заңнамасымен және кедендік төлемдер мен салықтар төленбеуінен кідіртілген.

2019 жылғы 13 тамызындағы жағдай бойынша уақытша сақтау қоймаларында 500-ден 9000 АҚШ долларына дейінгі бағасымен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында пайдалануға тыйым салынған және қауіпсіздік бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін 1965-2013 жылдары шығарылған, 117 автокөлік құралдары орнатылған.

Осылайша уақытша сақтау қоймаларында қымбат автокөлік құралдары жоқ.

Техникалық регламентке сәйкес емес, бірақ бұдан әрі пайдалануға жарамды автокөлік құралдары қосалқы бөлшектер бойынша іске асыру үшін «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ уәкілетті ұйымына берілген.

Іске асыруға және бұдан әрі пайдалануға жарамсыз автокөлік құралдары уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілгенде және ақшалай қаражаттар іздестірілгеннен кейін кәдеге жаратылатын болады.       

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметі