Жарияланған күні: 22.06.2018 10:13
Өзгертілген күні: 22.06.2018 10:14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитеті өз қатарындағы қызметкерлерге
пара берудің 8 фактісінің жолын кесті

 

2018 жылдың басынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы (ІҚБ) жеке және заңды тұлға өкілдері тарапынан Комитеттің лауазымды тұлғаларына 8 пара беру фактісінің жолын кескен.

Мәселен, заңсыз ойын бизнесі саласында тергеліп жатқан қылмыстық іске көмектестіру үшін экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерін  параға сатып алуға тырысудың 2 фактісінің, анықталған салық заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін салық қызметінің қызметкерлеріне пара берудің 3 фактісінің, сондай-ақ жүргізілетін тексерулер бойынша он шешім қабылдату үшін – 2 фактінің және салық берешегінің болмауы туралы анықтаманы алу үшін – 1 фактінің алдын алды.

Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ІҚБ қызметкерлері тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша көмек алу және оң шешім қабылдату үшін Департаменттің экономикалық тергеу қызметінің тергеушісіне 1 миллион теңге сомасында пара беру кезінде «У» деген азаматты қылмыс жасау үстінде ұстады.

Қызылорда №2 қалалық сотының үкімімен «У» деген азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, өмір бойы мемлекеттік органдарда нақты лауазымдарға орналасу құқығынан айыру және 100 сағат ықтиярсыз жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің ІҚБ қызметкерлері жүргізіп жатқан салықтық тексеру бойынша он шешім қабылдату үшін Департаменттің маманын жалпы сомасы 1 миллион теңгеге параға сатып алуға тырысу кезінде жеке кәсіпкерді, сондай-ақ оны қылмыс жасауға итермелеген «М» деген азаматты ұстады.

Жосықсыз кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне пара беру бойынша ұқсас фактілердің Алматы қаласында және Алматы облысында жолы кесілді, онда кінәлі тұлғалар әлдеқашан қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ Ақмола және Ақтөбе облыстары бойынша Департаменттерде де тартылған.

Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес лауазымды тұлғаға пара беру - жазаланатын қылмыстық әрекет болып табылады, ол үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығын шектеу түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының заңға қарсы әрекеттері туралы ақпаратпен Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан ҚР ҚМ МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасына немесе 8(7172)709820, Call-орталықтың «1412» телефондары бойынша, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелеріне https://kgd.gov.kz сайтында көрсетілген телефондар және электрондық пошта мекенжайлары бойынша жүгінуге болады.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)