Жарияланған күні: 20.11.2018 09:22
Өзгертілген күні: 20.11.2018 09:23

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитеті сыбайлас жемқорлықпен күресте қарқынды шараларды қабылдады

 

Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру және алдын алу Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - МКК) қызметінде негізге алынатын бағыттардың бірі болып табылады.

Қызметінің тиімділігін көтеру, көрсетілетін қызметтердің сапасына бағытталған тұрақты, тиімді жүйені қалыптастыру, сондай-ақ заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында консультативтік кеңестің және «дөңгелек үстел» мәжілістерін өткізу тәжірибесі жалғасуда. Консультативтік кеңестің құрамында қоғамдық қайраткерлер де бар.

МКК және оның аумақтық бөлімшелерімен 2018 жылдың есепті кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр түрлі 1639 шаралар («дөңгелек үстелдер», консультативтік кеңестер мәжілістері, семинарлар, теледидар мен радиода сөз сөйлеулер, БАҚ-та жариялымдар) өткізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын көтеру мақсатында мемлекеттік кірістер органдарымен (МКО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстары белсенді түрде насихатталып келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп стандарттарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар ағымдағы жылы, өткен жылғыдай, МКК-нің стратегиялық бағыттарына жатқызылды.

2018 жылдың есепті кезеңінде МКО-ның лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 157 млн. теңгеден асатын сомасында пара берудің 21 фактісінің жолы кесілді (Алматы қаласы бойынша МКД – 6 факті бойынша, Алматы, Түркістан облыстары бойынша МКД – 4 факті бойынша, Қызылорда облысы және БҚО бойынша МКД – 2 факті бойынша, Ақтөбе, Ақмола және Маңғыстау облыстары бойынша МКД – 1 факті бойынша).

2017 жылы 1 млн 265 мың теңге сомасында пара берудің 9 фактісінің жолы кесілгенін атап өту қажет.

Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерінің заңсыз әкелуі схемасының жолы кесілгенін атап өтуге болады, ол жерде Түркістан облыстары бойынша МКД қызметкерлеріне 128 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара ұсынылған, Алматы облысы бойынша МКД қызметкерлеріне алғашында
100 мың АҚШ доллары, кейіннен 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара ұсынылған.

2018 жылдың басынан бастап МКК-нің лауазымды тұлғаларға сомасы 2 АЕК-тен аспайтын заңсыз сыйлық сыйлаудың, сондай-ақ ақшалай сыйақы ұсынудың 12 фактісінің жолы кесілді, нәтижесінде 10 тұлға 240 мыңнан 481 мыңға дейінгі теңге сомасындағы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 2 материал әкімшілік өндірісте қарастырылуда.

Ағымдағы жылы Мемлекеттік кірістер комитетімен «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» Республикалық қоғамдық бірлестікпен өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум шеңберінде Алматы, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы бойынша шекаралық кедендік бекеттерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары мен тәуекелдерді анықтау мониторингі жүргізілді.

Алдын алу шаралары барысында кеден бекеттерінің және Мемлекеттік кірістер басқармаларының жеке құрамымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі нормаларын, тәртіптің этикалық нормаларын түсіндіру бойынша кездесулер өткізілді, сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының мәселелері қаралды.

Кеден бекеттерінде және мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі ретінде барлық Департаменттерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт посттары орнатылды.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен қарастырылған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Комитет мынадай ақпараттық жүйелерді ендіру бойынша шараларды жүргізуде:

1)      Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе»;

2)      «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесі;

3)      «Тауарларды таңбалау» ақпараттық жүйесі; 

4)      Блокчейн технологиясын қолдана отырып, ҚҚС әкімшілендіру;

5)      Кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі (АСТАНА-1 АЖ).

Ақпараттық жүйелерді енгізу кедендік-салықтық әкімшілендіру кезінде адам факторларының әсерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, деректер массивін алыстан талдау негізінде қылмыстық схеманы анықтауға мүмкіндік береді, ол тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетеді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)