Жарияланған күні: 19.02.2019 17:36
Өзгертілген күні: 13.03.2019 11:54

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитеті тауар бойынша тәуекелдің құндық индикаторының көлемі жөнінде ұсыныстар қабылдайды

 

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

 

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді дәйексіз декларациялаудың әлеуетті тәуекелін анықтау үшін қолданылатын тәуекелдердің құндық индикаторларын қалыптастыру және өзектендіру жөніндегі жұмыстар ұдайы негізде жүргізіледі.

Тауарлардың кедендік құнын мониторингтеу барысында Комитет декларанттармен кедендік құнның төмендетілуі фактілерін анықтауда.

Осыған байланысты, белсенді азаматтық ұстаным көрсетуді сұраймыз және қандай да бір тауар бойынша тәуекелдің құндық индикаторының көлемі жөнінде ұсыныстарыңыз бар болған жағдайда, оларды cena-umts@kgd.gov.kz электронды мекенжайына, ақпарат көздерінің көрсетілуімен жолдауды өтінеміз.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)