Жарияланған күні: 17.01.2019 18:59
Өзгертілген күні: 13.03.2019 11:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларды кедендік тазартуды шекарадан өту орындарында жасауға кеңес береді

 

Еліміздің транзиттік патенциалын дамыту мақсатында Қазақстан және Қытай шекарасында  НҰР ЖОЛЫ», «ҚАЛЖАТ» өткізу пункттері жұмыс істеуде, бекеттердің әрқайсысында құрылымы толыққанды дамыған көліктік- логистикалық орталықтары бар (тауарларды тексеріп қарау және сақтау үшін қоймалар, АКБ тұрағы үшін бетондалған алаңдар, барлық қосалқы қызметтерді орналастыру үшін тұрмыстық және қызметке қажетті жайлар және т.б.).

Кедендік бекеттерді жобалау процесінде ЕАЭО нормативтік талаптары, жаhандық тәжірибе және инфрақұрылымдық шешімдер ескеріліп, шекарадан өту уақыты 30 минутты құрайтын болды.

Осыған орай, шекарадағы кедендік бекеттерде барлық қажетті инфраструктуралар бар (ветиринарлық, каратиндік, фитосанитарлық қызмет, сертификацилау орталығы, сақтандыру компаниялары және делдалдық, банктер т.б).

Уақыт шығыны, тауарларды жеткізу мерзімі, кедендік сүйемелдеу, қаржылық кепілділік ұсыну, кедендік транзитті рәсімдеу кезіндегі импортерлар үшін қосымша тосқауылдарға алып келетін кедергілерді алып тастау бойынша бизнеске және мемлекеттік органдарға қосымша қадағалауды алып тастауға жағдай жасайды.

Осыған байланысты, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларды кедендік тазартуды шекарадан өту орындарында жасауға кеңес береді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)