Жарияланған күні: 23.05.2019 11:12
Өзгертілген күні: 24.05.2019 17:13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі

 

Кедендік әкімшілендіру саласындағы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында 2019 жылғы 20 мамырдан 2019 жылғы 20 маусымға дейінгі кезеңге Мемлекеттік кірістер комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі.

Осы талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 452 «ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік әкімшілендіру саласындағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы» бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)