Жарияланған күні: 16.11.2018 18:17
Өзгертілген күні: 16.11.2018 18:18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитетіндегі цифрландыру: Электронды шот-фактуралар Ақпараттық жүйесі қатысушылары санының үлесі 78% құрады

 

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Мемлекеттік кірістер комитетінде барлық ҚҚС төлеушілердің ЭШФ жазуға арналған дайындық жұмысы белсенді түрде жүргізілуде.

Осы жылдың 3 қазаны бойынша  ЭШФ АЖ қатысушылары болып табылатын ҚҚС төлеушілердің саны 70232,  ол жалпы ҚҚС төлеушілердің  (93263) 75,3 % құрайды.

Салық кодексіне сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушілер үшін ЭШФ жазу міндеттеледі, осыған орай қалған салық төлеушілерді ЭШФ ақпараттық жүйесіне қатысушы ретінде тіркеу басты мақсат болып табылады.

2018 жылдың 29 қазанына ЭШФ АЖ қатысушыларының саны 2,7 пайызға жоғарылап, ол 78% пайызды құрайды.

Қазіргі уақытта барлық ҚҚС төлеушілердің ЭШФ жазуына көшу жұмысы мемлекеттік кірістер органдарында белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Барлық ҚҚС төлеушілер осы жылдың аяғына дейін ЭШФ АЖ тіркелу қажет.

Сонымен қатар, ЭШФ жүйесін қолданатын қатысушылар келесі мүмкіндіктерді қолдана алады:  

1) ілеспе бастапқы есеп құжаттарын тіркеуді алып тастау: тауар-көлік жүкқұжаты, төлем шоттары, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жекелеген реквизиттерін толтыру мүмкіндігі;

2)  сенімхат арқылы бірнеше қызметкерлерге шот-фактураларды жазуға құқығын беру мүмкіндігі;

3) халықаралық мәмілелер (экспорт) үшін ЭШФ жазуды шетелдік валютада алу мүмкіндігі;

4) ЭШФ алушыға растау үшін орналасқан жеріне қарамастан тез арада онлайн түрде жеткізілуі;

5) ЭШФ АЖ ішінде контрагенттер арасында хабарламамен алмасу мүмкіндігі;

6) қателерді болдырмау және алдын-ала жазылған ЭШФ-ды кері қайтарып алу мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ формат-логикалық бақылаумен тексереді, яғни ЭШФ-ның дұрыстығын және толықтығын тексеруді білдіреді, содан кейін ЭШФ АЖ-нің операторы мақұлдайды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)