Жарияланған күні: 05.12.2016 16:14
Өзгертілген күні: 05.12.2016 16:21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеулер қызметінің офицерлері синтетикалық есірткі әкелудің ірі арнасын әшкереледі

 

2016 жылғы 1 желтоқсанда ҚР ҚМ МКК  Экономикалық тергеулер қызметінің (ЭТҚ) офицерлері синтетикалық есірткі заттардың контрабандасының ірі арнасын әшкереледі.

Олар жедел-іздестіру шараларының аясында Астананың тұрғыны С. деген азаматты ұстады. Одан метилендиоксиметамфетамин (экстази) психотроптық заты бар 981 таблеткасы алынды.

Тәркіленген есірткі партиясының қара нарықтағы болжамдап алғандағы бағасы 15 млн.теңгені құрайды.

Аталмыш факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді және ол бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

С. деген азамат сот санкциясымен қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)