Жарияланған күні: 25.07.2016 15:15
Өзгертілген күні: 25.07.2016 15:17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2016 жылғы 23 шілдеде Астана қаласында Coworking Multispace, AstanaMall ғимаратында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кадр қызметінің қызметкерлері BolashakJobFair 2016 бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шаралар шеңберінде "Болашақ" бағдарламасының түлектерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарымен кездесу және кәсіби ынтымақтастық перспективаларын талқылау мүмкіндігі болды.

Іс-шаралар барысында бейнеролик форматында салық салу, кеден ісі және экономикалық тергеу саласындағы өкілеттіктердің кең шеңбері туралы ақпараты кіретін мемлекеттік кірістер органдары қызметінің презентациясы өткізілді.

Мүдделі ниет білдірушілер мемлекеттік кірістер органдарына қабылдау тәртібі туралы орындарында кеңестер алып, қызметке қабылдау кезінде негізгі талаптармен танысты.

Қойылған стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының алдында алған білімдері мен әлемдік тәжірибені енгізетін жоғары білікті, кәсіби және бастамашыл кадрлар қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктік талаптарына сәйкес келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері бойынша, денсаулық жағдайы боынша жүктелген лауазымдық міндеттерін орындауға қабілетті кез келген адам қабылдана алады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландырулар ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер органының kgd.gov.kz және ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрігінің kyzmet.gov.kz интернет-ресурстарында орналасады.

         ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі