Жарияланған күні: 15.09.2017 14:07
Өзгертілген күні: 15.09.2017 14:09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері «Атамекен» ҰКП, «Kazenergy» ассоциациясы, «КТА», ҚазМұнайГаз қызметкерлерімен бірлесіп, есепке алатын бақылау аспаптарын практика жүзінде зерттеу бойынша жиналыс өткізді

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері «Атамекен» ҰКП, «Kazenergy» ассоциациясы, «КТА», ҚазМұнайГаз қызметкерлерімен бірлесіп, Астана қаласындағы «Falcon» және «Аурика» ЖҚБ мұнай базаларында орналасқан есепке алатын бақылау аспаптарын практика жүзінде зерттеу жиналысын өткізді.

Бұған дейінгі өткізілген ұқсас жиналыстарда бақылау аспаптарының жіберетін қателіктері туралы мәселе талқыланған болатын.

ҚР «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» заңына сәйкес ЕАБА-тары МемСТ-қа сай және рұқсат етілген қателіктен аспау қажет.

Мұнай өндіретін НПЗ және миниНПЗ зауыттарындағы ЕАБА енгізу практикасы енгізілген ЕАБА жұмыс істеп тұрғанын және мұнай өнімдерінің айналымы туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіліп жатқандығын көрсетті.

Тариф мәселесі (абонеттік төлем) қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ операторымен шешілуде, оның сомасы мұнай өнімдерінің нарығындағы субъекттермен талқылануда.

«ҰАТ» АҚ-ның соңғы дауыстаған сомасы бір бақылау аспабына ай сайын 3,5 мың теңгені құрады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)