Жарияланған күні: 31.05.2019 19:48
Өзгертілген күні: 11.06.2019 15:26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е. Сұлтанғазиев астаналық салық төлеушілердің сұрақтарына жауап берді

 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен конференцияда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е. Сұлтанғазиев салық төлеушілердің сұрақтарына жауап берді. 2019 жылдың 31 мамырында өткізілген шараға 500-ден аса салық төлеушілер қатысты.

Конференцияның бірінші бөлімінде салық төлеушілерге Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған салықтық рақымшылықтың жүргізілу барысы туралы баяндалды.

Семинардың екінші бөліміндегі сұрақтар камералдық бақылау өткізудің кейбір аспектілерімен байланысты болды.

Аталған сұрақ бойынша ҚР ҚМ МКК-нің қашықтан мониторинг жасау басқармасының басшысы Әнуар Сүлейменов спикер ретінде баяндама жасады. Ол қазіргі уақытта салықтық әкімшілендіру екпіні салықтық тексерулерден камералдық бақылауға ауысқаны туралы атап өтті. Бұл - салық декларацияларын өзара салыстыру арқылы немесе басқа ақпарат көздерінен алынған ақпаратпен салыстыру арқылы жүзеге асырылатын салықтық бақылаудың бір түрі.

Камералық бақылаудың негізгі мақсаты - салық төлеушіге айыппұл салмай, заң бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.

Мәселен, өткен кезеңде «белсенді», яғни айналымдары бар салық төлеушілердің әрбр оныншысына ғана хабарлама жіберілді.

 Сонымен қатар, 2018 жылдың өткен кезеңінде ұқсас кезеңмен салыстырғанда хабарландыру саны 20% -ға артып, 95 мыңнан 117 мыңға дейін өсті.

Хабарламар саны көбейген сайын, өнімділік индикаторы параллельді түрде өсіп 63% құрап өсіп келеді.

Өткен жылы камералдық бақылау нәтижесінде салық төлеушілер қосымша декларациялар тапсырып, жинақталған және өндірілген салық сомасы 127,3 млрд. теңгені құрады.

Алайда салық төлеушілердің хабарламаларын орындамау жағдайлары бар. 29 мың орындалмаған хабарламалардың банктің шоттары тоқтатылған, олардың 10% немесе 3 мың салық төлеушінің шоты толық жауап бермеуіне байланысты жабылып, тиісінше мемлекеттік органдардың хабарламаны орындамағаны туралы шешімдері қабылданды.

Сонымен бірге, салық төлеушілерде хабарландырулардың орындалуына қатысты сұрақтар туындайды.

Салық төлеушілердің түсініктемелерін қабылдамау себебінен, салық органдарының банк шоттарын «жабу» бойынша қабылдайтын шараларын заңсыз деп тану - салық төлеушілердің негізгі шағымдары болып табылады.

Қазіргі уақытта, Салық кодексінде хабарлама қабылданбаған деп тану туралы жазбаша шешім қабылданып,  салық төлеушіге жіберіледі.

Шешім қабылданғаннан кейін салық төлеуші ​​уақытылы іс-әрекет жасап, заң бұзушылықты жоюға тиіс.

Егер салық төлеушi шешім бойынша заң бұзушылықты хабарламаның мерзiмi аяқталғанға дейін түзетсе, онда қаржылық шығыс операцияларына тоқтатылу қолданылмайды.

Сонымен бірге, Салық кодексі камералдық бақылау хабарламасына қатысты шағым беріліп хабарламаның орындалу мерзімін тоқтату құқығы қарастырылған.

Сондай-ақ, Әнуар Сүлейменов камералдық бақылау бөлігінде салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара әрекет етуі бойынша 2020 жылдан бастап қолданысқа енетін жаңашылдықтар туралы баяндады:

1) салық төлеушілерге хабарламаны орындамауы туралы шешімге шағымдану құқығы берілді;

2) әр түрлі себептері бойынша жіберілген өтеу мерзімін қалпына келтіру үшін салық төлеушіге өтініш беру құқығы берілді;

 3) шешімге шағым беру кезінде салық төлеушінің банк шоттарын жабу және салық органы жоспардан тыс салықтық тексеруді тағайындау тоқтатыла тұрады.

Аталған түзетулер салық төлеушілердің ұсыныстарын ескере отырып әзірленген.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)