Жарияланған күні: 22.06.2017 16:18
Өзгертілген күні: 22.06.2017 18:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«Мемлекеттік қызметші күнін» мерекелеу қарсаңында, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеудің басты мақсаты, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігі, мемлекеттік секторды басқарудың тиімділігін арттыру мүмкіндігі, мемлекеттік қызметтің дұрыс келбетін қалыптастыру болып табылады. 

Салтанатты шараға қатысуға ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы мемлекеттік қызметшілерінің ата-аналары мен Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Мухтар Ильясович Тажибаев шақырылды.

Сонымен қатар Кинологиялық орталығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтауға жас буын болашақ мемлекеттік қызметшілер Алматы жолаушылар көлігі мен технологиясы колледжі келді.

Кинологиялық орталығына шақырылған қонақтарына қызметтік иттерімен кинолог мамандар қойылымдарын көрсетіп, мерекелік концерт пен естелік фотоға түсу ұйымдастырылды.

Мемлекеттіміздің мемлекеттік қызметіне баға жетпес үлес қосқан ерекше көге түскен мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына  мінсіз тәрбиелері үшін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің және Кинологиялық орталығы басшысының атынан Алғыс хаттары берілді.

Одан бөлек, Кинологиялық орталығының жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілері халқына адал қызмет етуге ант қабылдады.

«Жалпы Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу мемлекеттік қызметттің мәребесін нығайтуға ықпалын тигізуі тиіс. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс үлкен жауапкершілікті, үнемі өзіндік бақылауды және ұстамдылықты талап етеді» - деп өзінің құттықтау сөзінде атап өтті Марк Рисполи.

Қорытындысында Кинологиялық орталығы басшысының орынбасары А.Т. Турсынбаев 2013 жылы елімізде Елбасының 2011 жылдың шілде айында бекіткен Концепсиясына негізделген қазақстандық мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі жұмыс істей бастады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа үлгісінің қалыптасуында Елбасаның стратегиялық жоспарын іске асыруда біз өзіміздің үлкен жауапкершілігімізбен қарауымыз керек.  

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)