Жарияланған күні: 24.05.2019 13:16
Өзгертілген күні: 27.05.2019 12:15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«Мемлекеттік қызметтің сапасын басқару» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізілді

 

2019 жылдың 22-24 мамыры аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесе отырып, «Мемлекеттік қызметтің сапасын басқару» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері мен жұмыскерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету саласында құзыретін арттыру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуші  қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Айгуль Сагиновна Жубанышева – ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы қатысты.

Семинарға қатысушылар мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының Заңнамасымен, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау ережелерімен, мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынасын бағалау әдістемесімен, мемлекеттік билік органдары қызметінің тиімділігін арттырумен байланысты және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттырудың азаматтық қоғамның даму контексіндегі өзекті және әлеуметтік маңызды мәселелерімен, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасымен танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.

 

 ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)