Жарияланған күні: 25.09.2018 10:14
Өзгертілген күні: 25.09.2018 10:15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Ағымдағы жылдың 21 қырқүйегінде Минск қаласында Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің біріккен алқасының 28-ші отырысы өтті. Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік операцияларды әкімшілендіру департаментінің директоры Қ. Рахимов басқарды.

Отырыста қолданыстағы кеден заңнамасын жетілдіру және оны қолдану тәжірибесіне бағытталған бірқатар мәсеселері қаралды.

Алқамен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы навигациялық пломбалардың көмегімен, автокөлік және теміржол көлігін пайдалана отырып, тасымалданатын транзиттік тасымалдау мониторингі бойынша пилоттық жобаны дайындау туралы, кедендік транзиттің кеден рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау бойынша сынақтан өткізу және электрондық құжат айналымы қағидасында мұндай рәсімдердің әрекетін аяқтау туралы, сонымен қатар ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес, құқықтық қолдану бойынша мәселелері қаралды.

Қазақстандық тараппен Күн тәртібіне келесі сұрақтар енгізілді:

  • Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 433-бабы
    1-тармағының 1) тармақшасын біркелкі қолдану туралы;
  • Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тауарлар және көлік құралдарының кетуін растау кезінде тәукелдерді азайтудың кейбір мәселелері туралы;
  • Еуразиялық экономикалық одаққа сыртқы экономикалық қызметінің біріңғай тауар номенклатурасыны сәйкес «Фанкойл» тауарды категориялау туралы.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерімен Қазақстандық тарапының ұсыныстары қолданды және сәйкес шешімдері қабылданды.

Отырыстың соныңда Кедендік операцияларды әкімшілендіру департаментінің директоры Қ. Рахимов «Нұр Жолы» (ҚР) – «Хоргос» (ҚХР) өткізу бекеттерінің ресми ашылуына қатысуға щақырды және Беларусь Республикасының кеден қызметінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

 

         ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)