Жарияланған күні: 11.09.2018 13:18
Өзгертілген күні: 11.09.2018 13:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Назар аударыңыз! Жалған ақпарат!

 

Қазіргі кезде мессенджерлер арқылы жеке тұлғаларға салықты уақтылы төлемегені үшін айыппұл салынатыны туралы хабарламалар таратылуда.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті таратылып отырған хабарламалардың шындыққа жанаспайтыныны туралы  хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде мүлік салығын, жер салығын және көлік салығын уақтылы төлемегені үшін жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделмеген. Салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда айыппұл алынатыны туралы еске саламыз.

Сонымен қатар, 2018 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын төлеу мерзімі 2019 жылғы 1 қазанға дейін. Ағымдағы жылы 2017 жылға есептелген салықтар бойынша төлем жасау қажет.

2018 жылғы көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі - 2018 жылдың 31 желтоқсаны.

Сонымен қатар, салық берешектері пайда болған жағдайда келесі шаралар қолданылатыны туралы естеріңізге саламыз.

Салық кодексінің 24-бабына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шотты ашудан бас тартуға міндетті.

Осы норма заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға тарайды.

Егер берешек 1 АЕК (2405 теңге) мөлшерінен асатын болса хабарлама табыс етілген күнінен 30 жұмыс күн өткен соң салықтық берешекті төлемеген жағдайда салық органы салықтық бұйрық шығарады және оны орындау үшін сот орындаушыға жолдайды.

Бұдан кейін салықтық берешекті өндіріп алу шаралары сот орындаушымен Қазақстан Республикасы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) шеңберінде жүзеге асырылады.

Заңның 33 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы атқарушылық құжаттың мазмұнында 20 АЕК-тен (48 100 теңгеден) астам сомадағы талаптарды борышкер орындамаған кезде сот орындаушысымен шығарылады.

Сот орындаушылармен Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығарылған борышкерлер тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында орналасады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ұсынысы бойынша салық органдарының талаптарының даусыздығын ескере келе, салық органының жеке тұлғаның мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінуі алынып тасталған. Бұл ретте салық төлеушіге тиісті хабарлама жолданады, ал салық берешегін өтемеген жағдайда сот орындаушыға мәжбүрлеп орындау үшін табыс етілетін салық бұйрығы шығарылады.

Сондай-ақ, салық төлеушілер салықты төлеу бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі бар болуы жөнінде хабардар болу мақсатында Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында және «Электронды үкімет» порталында іске асырылған салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегі бар/жоқ екендігі туралы актуалды мәліметтерді онлайн-режимінде алуға мүмкіндік беретін «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» электронды сервисі іске асырылған.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)