Жарияланған күні: 08.10.2015 12:21
Өзгертілген күні: 08.10.2015 12:46

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

08.10.2015ж.

Баспасөз релизі

2014 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда шот-фактуралардың электронды түрде жазылуын қарастыратын Салық кодексінің ережелері қолданысқа енгізілген.

Қазіргі уақытта электронды шот-фактураларды жазу Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы ерікті негізде жүзеге асырылып келеді, оның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті болып айқындалған.

2015 жылғы қазан айының басындағы жағдай бойынша Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде 25 мыңнан астам жүйені пайдаланушы тіркелген, оның ішінде шаруашылық етуші субъектілер 10 мыңнан астам, олар жазып берген шот-фактураларының саны – 716 мыңды құрайды.

Ақпараттық жүйе шот-фактураларды жазып беретін тұлғалармен қатар, оларды алушылар ретінде, оның ішінде жазып берілген электронды шот-фактуралардың алушылары болатын жеке тұлғаларды тіркеуге мүмкіндік береді.

Жүйені әзірлеу барысында салық төлеушілердің қалауы бойынша ҚҚС-тың сомаларын есепке жатқызуға негіз болатын шот-фактура бастапқы бухгалтерлік құжаттардың деректемелерімен толықтырылған, атап айтқанда шот-фактурада жүкті алушы, жүкті жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді және банк деректемелерін және т.б. көрсетуге болады.

Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің ең басты артықшылығы – уақытты қысқарту, қағазды және шот-фактуралардың құжат айналымы кезінде жұмсалатын еңбек ресурстарын үнемдеу болып табылады.

Сондай-ақ, ҚҚС бойынша тапсырылатын салық есептілігі көлемінің елеулі қысқаруы Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары үшін артықшылық болып табылады. Осылайша, егер тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді жеткізуші шот-фактуралардың барлығын электронды түрде жазса, онда өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша тізілімді тапсырудың қажеті жоқ. Ал егер тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулерді алушыға (сатып алушыға) шот-фактуралардың барлығы электронды түрде жазылып берілсе, онда сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша тізілімді табыс етудің қажеттілігі жоқ.

Бұдан басқа, Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың қызығушылығына ие, себебі тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулердің алушысы болып табылатын мемлекеттік мекемеге Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тауар жеткізуші жазып берген электронды шот-фактураның негізінде «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде төлем шотын автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

2017 жылдан бастап электронды шот-фактураларды жазу барлық ҚҚС төлеушілері үшін міндетті болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі