Жарияланған күні: 29.09.2015 19:32
Өзгертілген күні: 30.09.2015 10:15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БКМ қолданудың жаңа тәртібіне көшу мәселелері бойынша баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылғы 1 шілдеден бастап сауда операцияларын ақшалай есеп айырысулар барысында қызметтері ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда төлем бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін  фиксация және (немесе) деректерді беру  функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті екенін ескертеді.

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен бизнес-қауымдастықтың өтініші бойынша Мемлекеттік кірістер комитетімен 2015 жылғы 1 қазанға дейін БКМ қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілген жоқ.

Сонымен қатар салық заңнамасымен көзделген БКМ қолдану тәртібін сақтамаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті