Жарияланған күні: 01.10.2015 17:26
Өзгертілген күні: 01.10.2015 17:27

3.119.398 нұсқасына дейін салық төлеушілер үшін СЕӨС клиенттік қосымшасын жаңарту

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздерге мәлімет үшін 2015 жылдың 1 қазанында 3.119.398 нұсқасына дейін салық төлеушілер үшін СЕӨС клиенттік қосымшасының жаңартылуы жүргізілгенін хабарлайды:
• Салық төлеушілер үшін СЕӨС клиенттік қосымшасы (жүктеу);
• Клиенттік қосымшаның жұмысы үшін қажетті жүйелік кітапханалар (жүктеу);
• Клиенттік қосымшаны орнату және баптау бойынша ескертпе (жүктеу);
• Клиенттік қосымшада жұмыс жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы (жүктеу).
 

Клиенттік қосымшаның осы нысанында:

  • «1 немесе 2 жарты жылдық» салықтық кезеңін таңдаған кезде «Кіші бизнес субъектілері үшін оңтайланған декларация» 910.00 СЕН шаблонының соңғы нұсқасын бұрыс анықтаудың қатесі түзетілді.
  • Негізгі контейнер үшін дұрыс құпия сөз бірінші реттен қабылданбаған қатесі түзетілді.
  • Мемлекеттік тілдегі хабарландыруларды/хабарламаларды іздеу жетілдірілді.
  • «Тауарларды енгізу (шығару) туралы хабарландыру» 016.00 СЕН үшін сенімділікті тексеру ережелеріне түзетулер енгізілді.
  • «Салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш» 002.00 СЕН сенімділікті тексергеннен кейін көрсетілетін, қателер туралы хабарламаларға түзетулер енгізілді.
  • «Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация» 320.00 СЕН-да бөлшектік мағыналар үшін ФЛБ есебі және тексерісі кезінде соманы дөңгелектеу механизіміне түзетулер енгізілді, қосымшаларды және 16 (І) жолын толтыру тексерісі түзетілді, «Салық төлеушілер дәрежесі» жолы үшін сенімділікті тексеру ережелеріне түзетулер енгізілді.
  • «Қосылған құн салығы бойынша декларация» 300.00 СЕН үшін қайтару туралы талап ұсынылатын, салықтық кезеңді толтыруға тексеріс қосылды, сонымен қатар басып шығарылатын нысанда көбейтілетін қосымшалар парақтарын нөмірлеу ережелеріне түзетулер енгізілді.
  • 328.00 СЕН-ның «Сатып алушының сәйкестендіру коды (нөмірі)» жолы үшін сенімділікті тексеру ережелеріне түзетулер енгізілді.
  • 328.00 СЕН жіберген кезде ерекшеліктерді толтыру форматының қатесі түзетілді.
  • 300.00 СЕН импорттау кезінде 7 және 8 қосымшаларда деректердің көрсетілу қатесі түзетілді.
  • Excel форматындағы файлдан 050.01 СЕН импорты кезіндегі тексерістерге түзетулер енгізілді.
  • 328.00 СЕН басып шығарудағы қате түзетілді.
  • 010.04, 020.03, 040.01, 050.01, 050.02, 060.01, 070.01 СЕН жолдарды автоесептеу қателері түзетілді.
  • 870.00 СЕН басып шығарған кезде қосымшалардың бұрыс тәртібі мәселесі түзетілді.