Жарияланған күні: 27.11.2015 13:59
Өзгертілген күні: 27.11.2015 14:07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе» механизмін дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

2015 жылғы 26-27 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен бизнес қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе» механизмін дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің бастамашысы және ұйымдастырушысы Еуразиялық экономикалық комиссиясы болды. Ағымдағы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссиясы 2020 жылға дейін іске асыру мерзімімен сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе» механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізуде. «Бірыңғай терезе» механизмін енгізудің мақсаты сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесін жетілдіруі, сауда рәсімдерін тездетуге және оңайлатуға, СЭҚ-қа қатысушылар мен мемлекеттік органдар арасында ақпаратты жақсартуға және тиімді алмасуға бағытталған қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды  енгізу  болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин Еуразиялық одақтың мемлекеттерінде «бірыңғай терезе» механизмінің маңыздылығы мен уақтылы біріздендіруді атап айтып, сәлемдесу сөзін сөйледі. Сондай-ақ, Ғұсман Әмрин бес институционалды реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау шеңберінде «бірыңғай терезе»  ұлттық механизмін енгізу бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы қатысушыларға хабарлады.

Сержан Дүйсебаев, «Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеден заңнамасы және құқықтық практика департаменті директорының орынбасары: «Халықаралық сауданы оңайлату мәселесі кез келген мемлекеттің міндеті болып табылады, себебі халықаралық сауданың өсуі ғана мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Және осы жағдайда экспорттық-импорттық және транзиттық операцияларды жүзеге асыру кезінде "бірыңғай терезе" механизмін енгізу сауданы дамыту катализаторы болуы тиіс. Дөңгелек үстелдің негізгі міндеті – мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастықтарын «бірыңғай терезе» механизмін енгізудің негізгі іс-шараларын іске асыруға бағытталған Еуразиялық экономикалық комиссиясының бастамалары, Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттерде ұлттық механизмдерді дамыту ахуалы, 2016-2020 жылғы кезеңге жоспарланған негізгі кезеңдер туралы ақпараттандыру», - деп түсіндірді.

Еуразиялық экономикалық комиссиясының сауда саясаты, кедендік инфрақұрылым департаменттерінің қызметкерлері қоса баяндамашылар ретінде сөз сөйледі. Баяндамалардың арасындағы үзілістерде дөңгелек үстелдің қатысушылары – Қазақстан Республикасы министрліктерінің, ведомстволардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері арасында дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша «сұрақ-жауап» форматында пікірсайыс өткізілді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі