Жарияланған күні: 25.05.2018 16:33
Өзгертілген күні: 25.05.2018 16:35

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заң жобасына

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Бүгін, 2018 жылдың 25 мамырында, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша бұқаралық тыңдауға мемлекеттік органдардың, ҚР Ұлттық Банкінің, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері, сондай-ақ ҚР ҚМ Сараптамалық кеңесінің мүшелері, Қоғамдық кеңес мүшелері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсенді қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымының үшінші сессиясын ашу барысында Елбасымен еліміздің экономикалық даму талаптарында оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.

         «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыттары төмендегідей.

         Бірінші. Оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін талаптарды жеңілдету

         Банкроттық рәсімін ашу үшін сотқа «теріс» баланс (егер банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінген күнге оның міндеттемелері активтерінен асатын болса) фактісін анықтау қажет.

         Оңалту үшін сотқа субъектінің үш айдан аса орындалмаған міндеттемелерінің бар болуын және «оң» баланс (активтерінің міндеттемелерден артық болуы) фактісін анықтау жеткілікті.

         Сондай-ақ дара кәсіпкерлерге оңалту рәсімі арқылы өздерінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігін беру ұсынылады (қолданыстағы тәртіп мұндай мүмкіншілік бермейді).       

Сонымен қатар, борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында өзінің оңалту рәсімін қолдану құқығын теріс пайдалануы фактілерін болдыртпау мақсатында, заң жобасы соттың оңалту рәсімін қолдануға бас тартқан немесе оңалту жоспарын келіспеген кезден бастап, бір жыл өткенге дейін борышкердің қайта жүгінуіне шектеу қоятын нормаларды қарастырады.

Екінші. Төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг

Заң жобасымен бизнестің барлық субъектілері үшін өзінің төлем қабілеттілігі туралы есеп беру бойынша міндетті бекіту ұсынылады, бұл:

  • бизнес субъектілеріне өзінің қаржылық жағдайының төмендеуіне дер кезінде көңіл аударуға және оңалту және банкроттық туралы заңнамамен ұсынылған шараларды қабылдауға;
  • төлеушілердің төлем қабілеттілігне талдау жасау негізінде бюджеттің табыстық бөлігін болжауға;
  • мемлекет тарапынан қолдауды объективті түрде қажет ететін шаруашылық субъектілер қызметінің саласын анықтауға;
  • мемлекетке толығымен еліміз бойынша, сонымен бірге салалары және субъектілері бойынша төлем қабілеттілігі жағдайы бойынша ақпаратты уақыт және ресурстар шығындарысыз «он-лайн» режимінде алуға мүмкіндік береді.          

Үшінші. Банкроттық рәсімдерін жүргізу мерзімдерін қысқарту

  1. кредиторлар жиналысының бірқатар өкілеттіктерін кредиторлар комитетіне беру ұсынылады, бұл банкроттық рәсімін жүргізу мерзімдерін қысқартады. Жиналыс өкілеттігінде тек банкроттық басқарушыны таңдауды және банкроттық рәсімі бойынша қорытынды есепті келісуді қалдыру ұсынылады;  
  2. Заң жобасы банктік құпияны құрайтын кәсіпорын туралы ақпаратты уақытша және банкроттық басқарушыларының алу тәртібін оңтайландырады. Мұндай ақпарат уәкілетті органға жүгінбей және прокурордың санкциясыз екінші деңгейдегі банктерден алуға жатады;
  3. кредиторларға банкротқа деген өзінің талаптарын тек талап мерзімі шегінде ғана мәлімдеуге мүмкіндік беретін норманы енгізу қарастырылады.

Төртінші. Ұзақ мерзім әрекет етпеген борышкерлерді банкроттық рәсімін қозғамастан жеңілдетілген түрде тарату

Экономикалық аяны өтімсіз шаруашылық субъектілерінен тазалау мақсатында заң жобасы әкімшіні тартпай жеңілдетілген банкроттық рәсімін қолдану талаптарын анықтайды.

Бұл кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды тоқтатқан, табыстары мен айналымы, сондай-ақ мүлкі және басқа да активтері жоқ борышкерлерді жылдам әрі артық шығындарсыз таратуға мүмкіндік береді. 

Бесінші. Борышкерді банкроттыққа жеткізгені үшін шынымен кінәлі тұлғалардың субсидиарлық жауапкершілігін бекіту  

Заң жобасымен банкроттықтың негізгі бенефициарларының, яғни кәсіпорын кімнің әрекеттері нәтижесінде банкрот болды, сол тұлғалардың жауапкершілігін белгілейтін нормаларды енгізу ұсынылады.    

Ұсынылған бастамалар оңалту және банкроттық рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және олардың тиімділігін арттырады. Бұл өз кезегінде, Дүниежүзілік Банктің «Doing Businеss» рейтингінде «Төлем қабілетсіздігін шешу» индикаторы бойынша Қазақстанның орнын жақсартуға жағымды ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқтандағы                № 894 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес Заң жобасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне енгізу – маусым, Қазақстан Республикасы Үкіметіне – тамыз, Қазақстан Республикасы Парламентіне ағымдағы жылғы қараша айында енгізу жоспарлануда.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)