Жарияланған күні: 29.06.2018 19:29
Өзгертілген күні: 29.06.2018 19:33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен ұсынылған өзгертулер шеңберінде реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау нәтижелерін талқылау туралы

 

Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымының үшінші сессиясын ашу барысында Ел басымен еліміздің экономикалық даму талаптарында оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.  

         Соған байланысты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.    

         Заң жобасының тұжырымдамалық бағыттарының бірі төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг жүргізуді енгізу болып табылады.  

Заң жобасымен бизнестің барлық субъектілері үшін өзінің төлем қабілеттілігі туралы жыл сайын есеп беру бойынша міндетті бекіту ұсынылады, бұл:

  • бизнес субъектілеріне өзінің қаржылық жағдайының төмендеуіне дер кезінде көңіл аударуға және оңалту және банкроттық туралы заңнамамен ұсынылған шараларды қабылдауға;
  • төлеушілердің төлем қабілеттілігіне талдау жасау негізінде бюджеттің табыстық бөлігін болжауға;
  • мемлекет тарапынан қолдауды объективті түрде қажет ететін шаруашылық субъектілер қызметінің саласын анықтауға;
  • мемлекетке толығымен еліміз бойынша, сонымен бірге салалары және субъектілері бойынша төлем қабілеттілігі жағдайы бойынша ақпаратты уақыт және ресурстар шығындарысыз «он-лайн» режимінде алуға мүмкіндік береді.       

Ұсынылған төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг  тиісті реттеуді талап ететін субъектілері үшін жаңа міндеттемелерді енгізуді жобалайтынын ескере отыра, әзірлеушімен осы жаңа енгізілімнің  реттеушілік әсеріне талдау жүргізілді.

Реттеушілік әсеріне талдау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсы арқылы қоғамдық талқылауға болады. Бөлімі: Азаматтарға – Форум – Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер жобаларын талқылау.         

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)