Жарияланған күні: 16.03.2018 10:26
Өзгертілген күні: 16.03.2018 10:47

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды, 2018 жылдың наурыз айында Ресей федерациясынан Қазақстан Республикасына, Комитеттің экономикалық тергеу қызметімен іздеуде жүрген 2 Қазақстан азаматы экстрадицияланған, олар Батыс-Қазақстан облысы бойынша азық-түлік тұрақтандыру фондын аймақтық қалыптастыру және Атырау қаласының он жағалауындағы  су тазарту құрылыстарын  салу бағдарламалары шеңберінде бөлінген бюджет қаражаттарын жымқырып, кейін  Ресей аумағында жасырынған.

2017 жылы Ресей құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру  іс-шаралар нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынды.

Бұл адамдардың іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірілген зиян шамамен 322 млн. теңгені құрады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)