Жарияланған күні: 13.02.2019 19:13
Өзгертілген күні: 25.02.2019 14:20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Салық есептілігін тапсыру мерзімдері туралы

 

2019 жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, келесі салықтық есептілігін табыс ету керек екендігін еске саламыз:

  1. 2018 жылдың 2 жартыжылдығына арналған 910.00 нысаны бойынша шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны;
  2. 2018 жылдың 4 тоқсаны үшін 200.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны;
  3. 2018 жылдың 4 тоқсаны үшін 300.00 нысаны бойынша қосылған құн салығы бойынша декларацияны;
  4. 2019 жылға арналған 701.01 нысаны бойынша мүлік салығы мен жер салығының есеп-қисабы:

- 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойнша салық міндеттемелері бойынша;

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 ақпан айына дейінгі салық міндеттемелеріне өзгерістер еңгізілген кезде;

  1. 2018 жылдың 4 тоқсанына табысталатын қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақысының 870.00 нысаны.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)