Жарияланған күні: 19.11.2018 21:54
Өзгертілген күні: 20.11.2018 11:12

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің мәліметіңізге 19.11.2018 ж. салық төлеушілерге арналған СЕӨС клиенттік қосымшасын 4.0.13 нұсқасына дейін жаңарту жүргізілгендігін жеткізеді.

  • Салық төлеушілерге арналған СЕӨС клиенттік қосымшасы (скачать);
  • Клиенттік қосымшаның жұмыс жасауы үшін қажетті жүйелік кітапханалар (скачать);
  • Клиенттік қосымшаны орнату және күйге келтіру бойынша жадынама (скачать);
  • Клиенттік қосымшада жұмыс жасау бойынша пайдаланушының нұсқаулығы (скачать).

Аталған жаңарту мына өзгертулермен толықтыруларды қамтиды:

  • Еларалық есептілікті түрлендіру (000.12 нысаны).
  • Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау) туралы салық  төлеушілерден мәліметтер беру режимін түрлендіру (форма 023.00 нысаны).
  • Тауарлардың электрондық саудасы кезінде  тауарларды жіберуді, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардан мәліметтерді беру режимін түрлендіру (000.25 нысаны).
  • Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерден мәліметтерді беру режимін түрлендіру (000.24 нысаны).