Жарияланған күні: 19.03.2019 11:08
Өзгертілген күні: 29.03.2019 17:47

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Салықтық рахымшылық: республика бойынша 33 121 салық төлеуші 7,3 млрд. теңге салық қарызын төлеген 

 

Жүргізіліп жатқан салықтық амнистия аясында салықтан 714,5 млн. теңге негізгі қарызын төлеген Атырау облысының кәсіпорнына 89 млн. теңге өсімпұл есептен шығарылды. Осы облыстың салықтар бойынша 480 теңге берешегін төлеген жеке кәсіпкеріне 10 мың теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Жалпы, республика бойынша 2019 жылдың 13 наурызына 33 121 салық төлеуші бюджетке 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 7,3 млрд.теңге құрайтын негізгі қарызын төлеген.

Бұл салық төлеушілер бойынша 1,6 млрд.теңге өсімпұл және 208,0 млн.теңге айыппұл есептен шығарылатын болады.

Бүгінгі күні 8 283 салық төлеуші бойынша 587 млн. теңге сомасында өсімпұлдар, үш салық төлеуші бойынша 219 мың теңге сомасында айыппұл есептен шығарылды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енгені белгілі. Ал 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енген болатын.

Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 340,6 млрд. теңге салық берешегі бар 90 077 шағын және орта бизнес субъектілері (31 210 заңды тұлғалар және 58 867 дара кәсіпкерлер) рахымшылыққа жататынын естеріңізге саламыз.

Бұл ретте, шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады. Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілерге қатысты рахымшылық қолданудың тәртібі басқаша.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта негізгі қарызын төлеген жағдайда еесптелген өсімпұлды есептен шығару жолымен жеке тұлғалар үшін салық рахымшылығын өткізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, мемлекеттік кірістер органдарымен әзірленген ҚР заңнамалық актілеріне түзетулер, мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіліп, ҚР Үкіметінің қарауына енгізілді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)