Жарияланған күні: 19.06.2018 15:03
Өзгертілген күні: 19.06.2018 15:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Сеулде экспорттық бақылау мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың маусымының 11-нен 15-не дейн Сеул қаласында (Корей Республикасы) АҚШ Мемлекет Департаментімен бірігіп, «Корей Стратегиялық Сауда Институтымен» ұйымдастырылған экспорттық бақылау саласында ең үздік тәжірибелер бойынша мәслихат-семинар өткізілді (EXBS бағдарламасы), онда тәжірибе алмасу және стратегиялық тауарларға бақылауды жетілдіруге бағытталған өзекті сұрақтар қатары қарастырылды.

Оқыту семинарының негізгі мақсаты - экспорттық бақылаудың ішкі фирмалық жүйелері бойынша бағдарламаларды егжей-тегжейлі зерттеу болып табылды. 

ҚР атынан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері және ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі Индустриалды дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланды:

- Корейлік экспорттық бақылау жүйесі;

- Корей бақылау қағазына түзетулерді енгізуді реттейтін ұйым;

- ҚР ішкі шекарасында экспорттық бақылау;

- экспорттық бақылауды жүзеге асыру;

- стратегиялық тауарларды заңсыз экспорттау фактілерін анықтау.

Семинар қорытындысында екі жақ болашақта қызметтесу және бір-біріне тәжірибелік көмек беру туралы келісті.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)