Жарияланған күні: 13.06.2018 16:44
Өзгертілген күні: 13.06.2018 16:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарларды таңбалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарларды таңбалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру шегінде тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу бойынша жүргізілген талдау нәтижелеріне көпшілік талқылауы өткізілетіні туралы хабарлайды.

Көпшілік талқылауы Астана қ., Қонаев к-сі 8, А3 «Изумрудный квартал» Б блогы мекен-жайы бойынша, 2018 жылғы 25 маусымда сағат
14:30-да
болады.

Қоғамдық ұйымдардың және бизнес-қауымдастығының өкілдерін өткізілетін көпшілік талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Қатысу үшін 71-80-10 телефоны арқылы 2018 жылғы 19 маусымның сағат 16.00-ге дейін тіркелуіңіз қажет.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)