Жарияланған күні: 24.05.2018 15:59
Өзгертілген күні: 24.05.2018 16:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ТМД мүше мемлекеттеріндегі құқық қорғау басқармаларының кеден қызметтері басшылары кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестегі мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады

 

2018 жылдың 23 мамырында Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты, Камненное Плато қонысы, «Сегіз көл» курорттық паркінде ФТС төрағасы орынбасары А.А. Серышевтің төрағалығымен 17-ші Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттеріндегі құқық қорғау басқармаларының кеден қызметтері басшыларының отырысы өтті.

Отырысқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің құқық қорғау бөлімшелеріндегі кеден қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

ТМД атқарушы Комитетінің өкілдері, терроризмге қарсы орталығының және шекара әскерлерінің қолбасшылары Кеңесінің үйлестіруші қызметтері бақылаушы ретінде қатысты.

Аталмыш шараның ашылуына Қазақстан Республикасы Қаржы Министірі  Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы А.Теңгебаев қатысты.   Ол өз сөзінде құқық қорғау қызметіндегі құрайтын кеден органдарының қызметін жоғары маңыздылығын және одан әрі дамыту қажеттігін халықаралық ынтымақтастық саласындағы кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күресті атап өтті.

Отырыс барысында құқық қорғау бөлімшелер басшылары Комитетінің қызметі және ондағы басым бағыттары мен өзара іс-қимылын жетілдіру ТМД кедендік қызмет саласындағы кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің 2020 жылға дейінгі Стратегиясын бекітті. Бұл экономикалық кедендік қылмыстарға күрес, есірткі контрабандасымен, жедел бөлімшелерінің құрамының жұмысын дамыту, рөлін талдау, кедендік кинология қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және жедел дайындау.

Отырыс кезінде ТМД  елдеріндегі кеден қызметі саласындағы есірткіге қарсы күрес мәселелеріне бірлескен қызметке баса назар аударды.

2017 жылғы ТМД құқық қорғау бөлімшелері кедендік қызметінде заңсыз айналымнан шамамен 8 тонна есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорлары алынды.

Экономикалық қылмыстарға қарсы іс – қимылдар мен  кеден саласындағы құқық бұзушылықтар өзара бірлескен іс-шаралар бойынша кеңінен талқыланды. Қатысушылар кеден заңнамасының бұзушылығын анықтау және жолын кесу мақсатында өзара тиімді нәтижелі ақпарат алмасу практикалық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру туралы атап өтті.

Сондай-ақ, Комитеттің ТМД  террорға қарсы орталығымен өзара  ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Қатысушылар отырыста қылмыстық кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында әкімшілік тергеу және анықтау саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау бөлімшелерінің кеден қызметтеріндегі кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ кинолог мамандармен өзара ынтымақтастықтың бағытын жандандыру жолы анықталды.

Қатысушылар  отырыстың нәтижелілігі және сындарлы сипатта өткендігін айтып қорытындылады. Кезекті Комитет отырысы Қырғыз Республикасында өтеді. 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз-қызметі

(Жеңіс даңғылы,11)