Жарияланған күні: 27.06.2018 14:35
Өзгертілген күні: 27.06.2018 14:36

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Тосқауылсыз мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында «Пакет» пилотттық жобасы іске қосылды  

 

Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына ұсынылатын қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін одан әрі жетілдіру мақсатында Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен «тосқауылсыз қызмет көрсету» үшін жұмыстар атқарылуда.

«Пакет» деп аталатын салық төлеуші санаттарына қарай қызмет көрсету орталықтарында: кәсіби есепшілер үшін, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, жастар, қарттар үшін және мемлекеттік органның қызметкерлеріне қызмет көрсету үшін бөлінген аудандар бар.

Осы бөлінген аудандарда келесі қызметтер ұсынылды:

Кәсіби бухгалтер («Кәсіпқой» - пакеті) – мемлекеттік органмен өзара әрекеттесу, яғни тәжірибелі қызметкерлермен тепе-теңдік жағдайында сөйлеседі (мысалы, аудиторлармен);

Жастар – («Бастау» -  пакеті) –– интерьерге, ақпараттық тақтайшаларына көңіл бөлмейді, ұялы телефондардың қосымшаларын, өзіндік қызмет көрсету терминалдарын пайдаланады, оларға ноутбуктар мен қуат беретін құралдар  жеткілікті;

Қарт адамдар - («Құрмет» - пакеті) - ыңғайлы дивандар, қызметкерлер қарттарға асықпай шай, кофе, газет ұсына отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

Мүгедектер-  («Әлеуметтік» - пакеті) -  «Дөңгелектегі ұялы кеңселер»  қызметін  пайдалана отырып, қызметті үйде алу мүмкіндігі болады;

Жаңадан тіркелген салық төлеушілер - («Бастау» - пакеті) – түсіндірме жұмыстарынан басқа, ДАМУ қоры, Атамекен ҰКП және басқа да кәсіпкерлікті қолдау саласындағы толық ауқымды мүмкіндіктермен қамтамассыз етеді.

Бұл жағдайда ұсынылатын қызмет оңтайлы тұстары:

• қызметкерлердің саны мен сапасы есепті кезеңнің басталуына және басқа да қиындықтардың туындауына байланысты өзгеруі мүмкін;

• салық төлеушілердің түрлі санаттарына байланысты инспекторлардың кәсіби және жеке қасиеттерін пайдалану: жылдамдық – мобильді салық төлеушілер үшін; жеке кәсіпкерлер және де егде адамдар үшін түсінікті мәлімет беру және жақсы қарым- қатынаста  болу; тәжірибелі қызметкерлер - бухгалтерлер және т.б. үшін.

• қолданыстағы орталықтарға бейімдеу кезінде елеулі қаржы талап етілмейді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)