Жарияланған күні: 15.06.2018 18:02
Өзгертілген күні: 15.06.2018 19:03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің кеден қызметі басшыларының 67-кеңесі, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 27-кеңесі өткізілді

 

Ағымдағы жылдың 15 маусымында Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің кеден қызметі басшыларының 67-кеңесі, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 27-кеңесі өткізілді.

Кеңеске Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің кедендік қызмет өкілдері, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.

Кеңесте қолданыстағы кедендік заңнаманы жетілдіруге және оны қолдану тәжірибесіне бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Алқамен (КҚБА) мынадай сұрақтар көтерілді: навигациялық пломбалардың көмегімен автобомиль және теміржол көлігін қолдана отырып Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалданатын кедендік транзиттерге байланысты, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау бойынша эксперимент жүргізу туралы және осындай рәсімдерді электронды құжат айналымы қағидаттары бойынша аяқтау, сондай-ақ ЕЭО жаңа Кеден кодексіне сәйкес құқық қолдану тәжірбиесіне қатысты сұрақтар талқыланды.

Кеден қызметтері басшыларының кеңесі (КҚБК) мынадай сұрақтарды қарады: 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы транзит туралы келісімге өзгерістер енгізу мәселелері, Келісімге сәйкес тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау, 1999 жылғы 8 қазанындағы мемлекеттер арасындағы еркін сауда аймағын құру келісімі, бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеу тәжірибесімен алмасу мәселелері, кедендік мәселелер бойынша екі жақты халықаралық келісімдер туралы, бұдан басқа да ТМД қатысушы мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық жүйелерінің және ақпараттық ресурстарының ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын Типтік талаптар бекітілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта, кедендік әкімшіліктерді Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) жұмысына кірістіру үшін,  ДКҰ-ның қызметіне қосымша тілдерді (орыс, араб, испан және португальдық) ендіру туралы мәселе қаралуда. Осыған дейін аталған мәселе қазақстандық делегация тарапынан алғаш рет 2015 жылы  Қаржылық комитеттің 98-сессиясы шеңберінде ұсынылған болатын. Бұл кеңестер және семинарлар барысында материалдарды орыс тіліне аударуға және синхронды аударуға байланысты шығындарды ДКҰ бюджетіне қосу туралы болып отыр.

ДКҰ-ның қызметіне қосымша тілдерді қосу бойынша Ernst & Young компаниясының зерттеулеріне Қаржылық комитет тарапынан 99-сессия барысында 100000 евро бөлінді.

Қазақстандық делегацияны осы мәселеде Испания және Жапония қолдады, олардың пікірінше, ресми ағылшын және француз тілдерінен бөлек аумақтық маңызы бар шет тілдерін – араб, испан және орыс тілдерін анағұрлым кең қолдану бойынша пікірлерін білдірді.  

Осы тақырыпты қарастыру бойынша ДКҰ-ның Қаржылық комитетінің төрағасы Билл Уиллиамсон қазақстандық ұсынысты қолдап, комитет мүшелерінің көпшілік дауысымен мақұлданып, аталған мәселе ДКҰ-ның Саяси комиссиясының және Кеңестің отырыстарына шығарылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшыларының 67-ші отырысының қорытындысы бойынша 11 шешім қабылданды, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 27-отырысының қорытындысы бойынша кеден қызметтерінің басшылары 19 шешімге қол қойды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)