Жарияланған күні: 08.11.2018 14:51
Өзгертілген күні: 08.11.2018 14:53

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Уәкілетті экономикалық операторлар жөніндегі халықаралық семинар

 

2018 жылдың 5-7 қарашасы аралығында Астана қаласында Уәкілетті экономикалық операторлар жөніндегі халықаралық семинары өтті.

Семинарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Түркі кеңесі, Дүниежүзілік кеден ұйымы, Азия даму банкінің Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін жеңілдету бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы USAID офисі және бірқатар мемлекеттер өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты - үздік тәжірибелерімен және Дүниежүзілік Кедендік Ұйымның SAFE негіздемелік стандарттарының жаңартылған ұсыныстарымен танысу.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмрин және халықаралық ұйымдардың өкілдері сәлемдемелерді жеткізді және уәкілетті экономикалық операторлар институты іске асыру ерекшеліктерін талқылау және түсіндіру мақсатында осы форматтың кездесулері үшін артықшылықтар мен қажеттіліктер туралы өздерінің кепілдіктерін білдірді.

Уәкілетті экономикалық операторлардың бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі елдік презентациялар бойынша бір отырыста модератордың рөлін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмрин атқарды.

Қазақстанның, Әзірбайжанның, Венгрияның және Түркияның кеден қызметтерінің өкілдері уәкілетті экономикалық операторлар институтының жүзеге асырылу тәжірибесі мен көзқарасын ұсынды.

Дүниежүзілік кеден ұйымының сарапшылары Динг Йе және др. К. Венкат Рам Редди SAFE бүкіләлемдік ұйымдық құрылымы мен оларды қолданудың жаңа стандарттарының жаңартылған түрлерін ұсынды, сондай-ақ, уәкілетті экономикалық операторлар институтының елдердің экономикасы туралы тұжырымдамасы, артықшылықтары, тиімділіктері мен деңгейінің анық түсіндірмесін берді.

Уəкілетті экономикалық операторлар институты халықаралық сауданы дамытуда маңызды аспект болып саналатындығын ескере отырып, осындай шараларды өткізу тауарлардың қауіпсіз жеткізілім тізбегін тиімді кедендік әкімшілендіруді ұйымдастыруға оң ықпал етеді.

Семинардың оң нәтижелерінің бірі - Қазақстандық және Кореялық тараптардың уәкілетті экономикалық операторларды өзара тану туралы келісімге қол қою ниеттерінің растығы.

Барлық тараптар қорытынды сөздерінде іс-шараны ұйымдастыру және оның ауқымдылығы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне үлкен алғысын білдірді, қатысудың артықшылықтарын жоғары бағалады және уәкілетті экономикалық операторлар институтын іске асыру, оларды өзара тану туралы жалпы тұжырымға келді және ашық және конструктивті талқылау үшін алғыс айтты.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)