Жарияланған күні: 12.11.2018 16:20
Өзгертілген күні: 14.11.2018 10:35

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

«Ұлттық валюта күні» қарсаңында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің спартакиадасы өткізілді

«Тәні саудың – жаны сау» деп айтқандай, спорттық рух ұжымды біріктіреді және жұмысқа қажетті күш береді, нәтижесінде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, қызметтегі көрсеткіштерді жақсартуға болады.

Қаржы министрлігі өз кезегінде спортпен айналысатын қызметкерлерді үнемі көтермелеп отырады, себебі салауатты өмір салтын ұстанған кезде еңбек өнімділігі де артады. Спорттық жарыстар корпоративті рухты дамытады, жетістіктерге деген жігерді тәрбиелейді.

Осылайша, 2018 жылдың 10 қарашасында Астана қаласының «Алатау» спорт кешенінде спорттың үш түрі: шағын футбол, волейбол және үстел теннисі бойынша «Ұлттық валюта күніне» арналған спартакиада болып өтті. Іс-шараны Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырды.

Спартакиаданы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Тортаев Бауржан Қадырұлы ашты. Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы және Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Төрағасы Ахметов Азамат Қуатұлы ашылу салтанатында сөз алып, спартакиада қатысушыларына жеңіс тіледі және алда келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Спартакиада Қаржы министрлігінің Орталық аппаратының, Комитеттердің және олардың ведомстволық ұйымдарының қызметкерлерінің арасында өтті.  

Шағын футбол бойынша барлығы 12 команда, волейбол бойынша 8, теннис бойынша 7 команда жарысқа қатысты.

Қатардағы қызметкерлермен бірге, спартакиадада мемлекеттік органдардың басшылары да жарысқа белсенді қатысқанын атап өту қажет.

Осылайша, Қаржы Вице-министрі Еңсебаев Руслан Сатбекұлы Орталық аппараттың шағын футбол бойынша командасының құрамында ойнады, ал Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасарлары Әмрин Ғосман Кәрімұлы және Жанғарашев Тлеу Қасенұлы волейбол және шағын футбол бойынша жарыстарға қатысты.

Спорттық жарыстар өте қызықты өтті. Шағын футбол бойынша ойындардың финалында мықты командалар кездесіп, жанкүйерлер қызықты және командалық футболды тамашалады.

Шағын футбол бойынша «Активтерді оңалту және басқару компаниясы» АҚ және «Проблемалық несиелер қоры» АҚ бірлескен командасы бірінші орынды, Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы екінші орынды, Орталық аппарат командасы үшінші орынды алды. Жарыс нәтижесінде «Үздік шабуылшы» номинациясы вице-министр Еңсебаев Руслан Сатбекұлына, «Үздік қорғаушы» номинациясы «Активтерді оңалту және басқару компаниясы» АҚ-нан Салин Азаматқа, «Үздік қақпашы» номинациясы ҚР ҚМ МКК-нен Сапин Еркінге берілді.

Волейбол бойынша бірінші орынды «Активтерді оңалту және басқару компаниясы» АҚ және «Проблемалық несиелер қоры» АҚ бірлескен командасы, екінші орынды Орталық аппарат командасы, үшінші орынды Мамандандырылған кедендік мекемелердің (ОӘО, ОКЛ) бірлескен командасы иеленді.

Үстел теннисі бойынша Орталық аппарат командасы Спартакиаданың жеңімпазы болса, екінші орынды   Мамандандырылған кедендік мекемелердің (ОӘО, ОКЛ) бірлескен командасының, үшінші орын  «Активтерді оңалту және басқару компаниясы» АҚ және «Проблемалық несиелер қоры» АҚ бірлескен командасының еншісіне тиді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)