Жарияланған күні: 15.11.2018 17:18
Өзгертілген күні: 15.11.2018 17:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Ұлттық валютамыз «теңге» күніне құттықтаулар

 

Құрметті әріптестер, қаржы жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді қаржы жүйесінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

Бүгін, 15 қараша, біздің ел ұлттық валютамыз - теңгенің 25 жылдығын атап өтеді. Дәл осы күні ұлттық валюта айналымға енгізілген болатын. Содан бері бұл күн ресми түрде ұлттық валюта күні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.

Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер комитеті біздің еліміздің қаржылық тұрақтылығын және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келеді, сондай-ақ цифрлық технологияларды бизнес-үдерістеріне белсенді түрде енгізіп отырады, үнемі ашықтық пен қолжетімділікке ұмтылады.

Біздің кәсібіміз тек терең білім мен пәрменділікті ғана емес, сондай-ақ кең дүниетанымды, шығармашылық потенциалды талап етеді, стандартты емес шешімдерді іздейді.

Сіздерге керемет мүмкіндіктерді, жан-жақты дамуды, үлкен жетістіктерді, отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, береке және ауызбіршілік тілейміз. Әрбір бастаған  істеріңіз гүлденіп, керемет нәтиже әкелсін. Еліміз үшін, бюджет тайқазанының толығып отыруы үшін жасаған әрбір істеріңізге сәттілік тілейміз! Мейрамдарыңызбен!

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)