Жарияланған күні: 21.09.2018 15:39
Өзгертілген күні: 21.09.2018 15:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

         Астана қаласы                                                      21 қыркүйек 2018 жыл

 

Баспасөз-релизі

 

Көмір сататын компаниялар ушін, Виртуалды қойма

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті (бұдан әрі - МКК), қазіргі уақытта «Виртуалды қойма» модулі Ақпараттық жүйесін (ВҚ Модулі) іске қосу бойынша жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Көмірді сату ВҚ Модулі арқылы жүзеге асырылатын болатыны, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жоспарлануда.

ВҚ Модулі салық төлеушінің қоймасында нақты уақыт режимінде көмір қалдықтарын автоматтандырылған санау жүргізуге, сондай-ақ, жылжу тізбегін өндірушіден (жер қойнауын пайдаланушы) соңғы тұтынушыға дейін қадағалауға мүмкіндік береді.

Виртуалды қойма жұмыс механизміне, тауарларды кіріске енгізбей оны сату емес мүмкіндігі салынған, осылайша тауарсыз операциялар қаупі минимумға дейін азаяды.

Осылайша, ВҚ Модулін қолданысқа енгізу, көмір нарығын неғұрлым айқын қылады және айтарлықтай көмір өндіретін және сататын компаниялардың көлеңкелі айналымын төмендетеді.

Сонымен қатар, осы ВҚ Модулі Қазақстан Республикасы нарығындағы әлеуметтік – қажетті тауардың тапшылық пен қымбаттылығына байланысты шиеленістік жағдайды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, МКК пилоттық пайдалануға «Виртуалды қойма» модулін іске қосты. Әзірлеушінің жиынтығы, «Виртуалды қойма» модулімен нұсқаулықтар және жұмыс істеу видеосабақтары мына сілтеме бойынша орналасқан: https://kgd.gov.kz/ru/content/virtualnyy-sklad-1.

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)