Жарияланған күні: 06.04.2018 17:22
Өзгертілген күні: 06.04.2018 17:23

Кұрметті салық төлеушілер!

 

2018 жылдың 6 сәуірінде  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №18 шешімі «Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге жататын тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі - ЕАЭО) міндеттерінің  тарифтерінен төмен кедендік әкелу баждары және мұндай баждардың мөлшерлемесі» күшіне енді. (2015 жылғы 14 қазандағы №59 Еуразиялық экономика кеңесінің шешімі).

Аталмыш шешімге байланысты тауар Тізімінен ЕАЭО көлік құралдарының сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы (бұдан әрі - СЭҚ  ТН) 5 коды (8703211091, 8703401091, 8703601091, 8704213904, 8704239905) алынып тасталды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 2018 жылдың  6 сәуірінен  «Виртуалды қойма» модулі ЕАЭО СЭҚ ТН көлік құралдарының 235 кодтарына таралады (жүктеу).

 Бұл ретте тауарлардың қалдықтары алынып тасталған ЕАЭО СЭҚ  ТН  5 кодтары бойынша  «Есептен шығару» нысандары арқылы «Басқа» себебін көрсете отырып, «мұндай ЕАЭО СЭҚ  ТН  коды кедендік әкелу бажының төмендетілген ставкаларын жататын тауарлартізімінен алынып тасталды» деп атап жүзеге асырылады.