Жарияланған күні: 24.05.2018 11:55
Өзгертілген күні: 24.05.2018 11:57

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Көлеңкелі алкоголь өнімдері айналымының алдын алу

       

     «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауында Мемлекетіміздің Елбасы ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі екендігіне аса көңіл бөлді.

        Бұл ретте, мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау үшін, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі үшін этил спирті мен алкогольдік өнімдерді өндіретін және айналдыратын нарық субъетілеріне тиімді механизммен әсер ету керек.

        Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес Экономикалық тергеу қызметінің негізгі басымдылықтарының бірі. Алкогольдік өнімдерінің көлеңкелі айналымымен күресуде жалған есепке алу-бақылау маркаларын алкогольдік өнімдер зауыт-өндірушілермен, сондай-ақ жеке тұлғалармен сату, қолдану дерегін анықтауға, сонымен қатар, алкогольдік өнімдерді шығару бойынша жасырын өндіруші цехтер қызметіне жол бермеуге аса көңіл бөлінеді. 

Бұл бағыттағы бағдарламалық құжат 2015-2017 жылдарға арналған 2015-2025 жылдарына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары болып табылады (бұдан әрі – Жоспар).

 Аталған жоспар шеңберінде мемлекеттік органдармен заңнаманы жетілдіру арқылы көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдауда.

Сонымен, 2016 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 2017 жылға алкоголь өнімдеріне акциздердің мөлшерлемелері 1 литрі үшін 2000 теңге 2018 жылы кезең-кезеңмен 2275 теңгеге дейін және 2019 жылы 2550 теңгеге дейін көтеруге белгіленді.

Акциздердің мөлшерлемесін кезең-кезеңмен көтеру халықтың денсаулығын сақтау бойынша Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар мақсаты болып табылатын алкоголь өнімдерін тұтынуды және денсаулыққа тигізетін залалдарын азайту түріндегі оң нәтижеге алып келеді, бұл жалпы нарық жағдайындағы тұрақсыздықты болдырмауға, отандық тауар өндірушілерді сақтап қалуға, бюджетке салықтардың түсімін қамтамасыз етуге ықпал етіп, контрабандалық және контрафактілік бұйымдарының өсуіне әкеліп соқтырмайды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі (одан әрі – Комитеттің ЭТҚ) қылмыстық істер бойынша арақ-шарап өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мен жоюға қатысты жүргізілген талдау кезінде алынған арақ-шарап өнімдерінің екі түрі болатынын көрсетті: есепке алынбаған арақ-шарап өнімі (өндіретін зауыттардың өздері арақ-шарап өнімін өндірушілер) және суррогаттық арақ-шарап өнімі (жасырын өндірілетін).

Көлеңкелі экономиканы төмендетуге қатысты шаралар негізінде Комитеттің ЭТҚ-мен тұрақты түрде:

  • таяу және алыс шет елдерден әкелінетін алкоголь өнімінің мониторингі жүзеге асырылады;
  • салық қызметімен өзара тығыз байланыс жүргізілуде;
  • лицензиясы тоқтатылған зауыт өндірушілеріне тұрақты негізде тексеру іс-шаралары жүргізіледі;
  • алкогольдік өнімдердің заңсыз айналымын алдын-алу және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, бұл ретте Wipon (Вайпон) қосымшасы арқылы арақ-шарап өнімдерінің акциздік маркаларын сканермен тексеру арқылы заңсыз арақ-шарап өнімін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде;
  • ҚР ҚПК-нің 242-251 баптарына сәйкес жасырын тергеу әрекеттері жүргізіледі.

       Сонымен, 2018 жылдың 4 айдын қорытындысы бойынша Комитеттің

Экономикалық тергеу қызметінде 127 қылмыстық іс өндірісте болған, ағымдағы  жылы 73 іс тіркелген, ҚР ҚК 214 бабы (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет) бойынша – 22 және ҚР ҚК 233 бабы (Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) бойынша – 51.заңсыз айналымнан алкоголь өнімдерін әзірлеуді анықтау жұмыстары айтарлықтай жанданды.

       Алкогольдік өнімдерді дайындау бойынша 12 цех анықталды және қызметі тоқтатылды, оның ішінде 10 цех бойынша қылмыстық істер өндіріспен аяқталды.

       Заңсыз айналымнан 2 043 046 жалған есепке алу-бақылау маркалары, сонымен қатар 600 дана жалған есепке алу-бақылау маркалары лентамен, 5 772 476 бөтелке тіркелмеген алкогольдік өнімдер және 23 154 литр спирт алынды.

        Мысал ретінде: 30.11.2017 ж. БҚО Орал қалалық сотымен ҚР ҚК 233 бабы 2 бөлігі, 214 бабы 1 бөлігімен азамат Р. қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баптар бойынша 1 500 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындаумен 1 жыл 6 айға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланған, 35 028 бөтелке алкогольдік өнімі мемлекет кірісіне айналдырылсын.

         Әрі қарай, 05.05.2018 ж. Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК 233 бабы 2 бөлігі, 214 бабы 1 бөлігімен азамат П. қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баптар бойынша 1 500 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындаумен 2 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланған, 157 394 бөтелке алкогольдік өнімі сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін жойылады.

              Өндіріспен 59 қылмыстық іс аяқталды, оның ішінде 50 іс сотқа жолданып, 9 іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды.    

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)