Жарияланған күні: 27.03.2017 16:18
Өзгертілген күні: 27.03.2017 16:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«Заңсыз ойын бизнесімен күрес – Экономикалық тергеу қызметінің

басым бағыттарының бірі»

 

         Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады, яғни басқа аумақта орналасуына тиым салынған. Көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен заңсыз ойын бизнесімен, оның ішінде аталған үй-жайларды берумен байланысты заң бұзушылықтармен күрес белсенді түрде жүзеге асырылуда.

       Бүгінгі күнге Экономикалық тергеу қызметімен 8 ойын мекемесінің заңсыз қызметі құрықталды. Жүргізілген жедел-іздестіру қызметі кезінде Атырау қаласы, Авангард 2 мөлтек ауданы, 17 үйжәне Атырау қаласы, Әуэзов көшесі №54, «Достар» кафесінің ғимаратынан ойын сайттарын пайдалану арқылы лотереялық жүлде түріндегі заңсыз ойын бизнесінің қызметі атынқталды. Аталған заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы 1980 жылы туған ҚР азаматы К.   2017 жылғы 15 ақпандағы Атырау қаласы №2 сотының үкіміне сәйкес азамат К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілей отырып,  1 (бір)  жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Осындай дерек ЭТҚ қызметкерлерімен Жылыой ауданы Құлсары қаласы Тайманов көшесінде анықталды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы 1986 жылы туылған ҚР азаматы Т.

         2017 жылдың 24 ақпанындағы Атырау облысы Жылыой аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілей отырып,  1 (бір)  жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде заңсыз ойын бизнесі 307-бабында көзделген, яғни ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастырғандығы және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметін лицензиясыз жүзеге асырғандығы үшін мүлкi тәркiленiп, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жоғарыда көрсетілген деректерді ескере отырып, сіздерден заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректері туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8(7122)35-42-09, 35-42-10 телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)