Жарияланған күні: 18.07.2018 18:33
Өзгертілген күні: 18.07.2018 18:35

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылау жүйесін құрады

 

Бүгін, 2018 жылдың 18 шілдесінде ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу туралы баспасөз конференциясы болып өтті.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы М.Т.Тәкиев сөз сөйледі.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың табыстарын декларациялауды енгізу «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 42-қадамын жүзеге асыру аясында жүргізілетінін атап қткен жөн.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу мақсаты -  көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады.

Жалпыға бірдей декларация жүйесін енгізу салықтық әкімшілендіруді барынша қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және салықтарды толық төлеуді қамтамасыз етеді.

2020 жылы Декларацияны кімдер тапсырады десек, олар:

- Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

кәмелетке толмағандар - егер оларда мүлік тіркелсе немесе табыс алса;

шетелдіктер - Қазақстан Республикасының аумағында меншік немесе үлес болған кезде.

 

Алдын-ала есептеу бойынша, 2020 жылы 18 жасқа жетуді ескере отырып, шамамен 12,9 млн. адам  декларациялауға жатады, оның ішінде қала халқының саны 7,4 млн. адамды құрайды, ауыл халқының саны 5,5 млн. адам.

 

Декларациялау жүйесін енгізгенде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша жеке тұлғалардың активтері, дебиторлық берешегі және төленуі, шетел банктері бойынша ақшалай және банк реквизиттері (депозиттері, заемдары) туралы 250.00 түріндегі бастапқы (енгізу)  декларация табыс етіледі.

Бұдан басқа, жеке тұлға мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, биологиялық активтер түрінде басқа да мүлікті көрсете алады.

Декларацияларды электронды түрде ұсынуға мүдделі болу үшін, өтініш беру үшін екі мерзім бар:

- 15 шілдеге дейін декларацияны қағаз бетіне тапсыратындар үшін, сондымен де

 - декларацияны электронды түрде ұсынатындар үшін 15 қыркүйекке дейін. 

Келешекте табыстың және мүліктің декларациясы жыл сайын (жылдық) табыс етіледі,  ол 2 нысан бойынша қарастырылған - 270.00 кеңейтілген нысаны, 260.00 қысқаша нысаны.

Кеңейтiлген декларацияда жыл ішіндегі табыстар көрсетіледі, салықтарды шегерiмдер, жылжымайтын мүлiктi, көлiктi, бағалы қағаздарды, меншiктi капиталды, инвестициялық алтындарды, туынды қаржы құралдарын сатып алу (ақысыз алу) немесе иелiктен шығару (ақысыз беру).

Кіріс пен мүліктің қысқаша декларациясын (бір парақта) зейнеткерлер, студенттер мен жалданбалы жұмысшылар ұсынады. Осылайша, бір жыл ішінде басқа ешқандай табыс алынбағанын растайды. Бұл декларацияны тұрғындардың шамамаен 70%-ы табыс етеді (мұғалімдер, зейнеткерлер, студенттер мен жалданбалы жұмысшылар).

 

Декларацияларды қабылдау және өңдеу механизмін анықтау, сондай-ақ уәкілетті органдардың деректерін салыстыру бойынша салық төлеушілердің мақсатты топтарын талдауды жүргізу мақсатында, Қарағанды ​​облысының Осакаров ауданында пилоттық жоба іске қосылды.

Пилотты жүргізу үшін әртүрлі алшақтықтағы үш ауылдық округ анықталды (Жансары а/о, Есіл а/о, Озерное а/о). Алдын-ала толтыру рәсімін жүзеге асыру үшін уәкілетті органдардың ақпараттары алынды және декларациялардың нысаны толтырылды.

Бүгінгі күні пилоттық жоба Озерный а/о және Есіл а/о аяқталды.

Жалпы алғанда 1 902 өтініш қабылданды, оның ішінде 102 (5,4%) салық төлеушілердің уәкілетті органдарының ақпаратымен сәйкессіздіктер анықталды.

Сонымен қатар, пилотты жүргізу барысында 1 528 ЖТ  сауалнама жүргізілді, нәтижесінде келесі анықталды:

Тұрғындардың 80%-ы СЕН электронды түрде немесе мобильді қосымша арқылы табыс етуді қалады, калғандары қағаз тасымалдауышта.

Декларацияны толтыру кезінде мәселелер болған жағдайда:

- 39,6% ХҚКО-на;

- МКБ-на 32%;

- «1414» байланыс орталығына 20,9% жүгінуді қалайды.

Қазіргі кезде  Жансары а/о пилоттық жоба жүргізілуде.

 

Ақпараттық жүйелерде уəкілетті мемлекеттік органдардың мəліметтері негізінде алдын-ала толтырылған декларацияны жасау тетігін енгізуді жоспарлап отырмыз, ол жеке тұлғаның декларациясын толтыруға жеңілдетеді, сондай-ақ декларацияларды электронды түрде ұсынуды ынталандырады.

Бұған қоса, бүгінгі күні үкімет деңгейінде E-gov сайтында салық төлеушінің кеңсесін құру мәселесі шешілді. Бұл салық төлеушінің кеңсесі алдын ала толтырылған декларацияны қалыптастыру және СЕН  қабылдауда ұқсас механизмін қарастырады.

МКК интернет-ресурсында салық төлеушілерді ақпараттандыру  мақсатында түсіндірме сипаттағы ақпарат орналастырылған.

Сондай-ақ, жиі қойылатын сұрақтар бойынша сұрақтар мен жауаптар жинағы жасалды.

Статистика комитетімен 2019 жылдың қараша-желтоқсан айларына жоспарланған халық санағын жүргізе кезінде буклеттерді тарату арқылы тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу сұрағы өңделуде.

Жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметшілердің мамандығын жоғарылату  бойынша оқыту бағдарламасына  Жалпыға бірдей декларациялау сұрақтары енгізілген.

Сондай-ақ, декларациялауға жататын төлеушілер санаттарын анықтауға Экспресс көмек  және декларацияны «Step by step» (Қадамдық қадам) қағидасы бойынша толтыру әзірленген.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)