Жарияланған күні: 27.07.2018 19:52
Өзгертілген күні: 27.07.2018 19:52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

        

Жеке практикамен айналысатын тұлғалар бойынша мемлекеттік қызмет оңтайландырылды

 

Құрметті салық төлеушілер!

       «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тартуды оңайлату арқылы жеке практикамен (адвокаттар, нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке сот орындаушылар) айналысатын адамдар бойынша мемлекеттік қызметті оңтайландырды.

Тіркеу есебіне қою «электрондық үкімет» порталы арқылы тек электронды түрде ғана жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)