Жарияланған күні: 10.06.2019 10:07
Өзгертілген күні: 11.06.2019 15:30

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің

Мемлекеттік Кірістер Комитеті

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Жеке тұлғалар мүлік, жер және көлік салықтары бойынша 21,7 млрд.теңге салық қарызын төлемеген

 

2019 жылдың 6 маусымына сәйкес жеке тұлғалардың мынадай негізгі салық қарыздары бар:

- мүлік салығы бойынша 362 569 жеке тұлғалардың 1,2 млрд.теңге негізгі салық қарызы;

- жеке тұлғалардан жер салығы бойынша 365 055 салық төлеушілердің елді мекен жерлері бойынша 2,1 млрд.теңге негізгі салық қарызы;

- көлік салығы бойынша 719 193 жеке тұлғаларда 18,4 млрд.теңге негізгі салық қарызы тіркелген.

Шетелге шығатын жеке тұлғаларға салық берешегін төлеу керек екенін еске саламыз.

Егер сіз шетелге шығатын болсаңыз, Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитетінің сайтына кіруді ұмытпаңыз және салық және төлемдер бойынша қарыздарыңыздың жоқтығын тексеріңіз.

Бұған тек бірнеше минут кетеді, ҚР ҚМ Мемлекеттік Кірістер Комитетінің сайтында ЖСН енгізу жеткілікті https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web ("Электрондық сервистер" бөлімі - "мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің болу (болмауы) туралы мәліметтер"). Салық берешегі туралы "ҚМ МКК" мобильдік қосымшасын пайдалана отырып білуге болады.

Сайтқа дербес компьютер, ноутбук немесе планшет, смартфон және т. б. арқылы кіруге болады.

Шетелге шығуға уақытша тыйымды тек бір тәсілмен алып тастауға болады - бар қарыздарыңызды төлеу арқылы.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік Кірістер Комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)