Жарияланған күні: 14.05.2019 12:06
Өзгертілген күні: 14.05.2019 17:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Жолмұхамбетов Қайрат Басғараұлы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды

 

Бүгін, 2019 жылдың 14 мамырында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев жаңадан тағайындалған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Жолмұхамбетов Қайрат Басғараұлын ұжымға таныстырды.

Жолмұхамбетов Қайрат Басғараұлы, 1976 жылы туған, қазақ, жоғары білімді. Еңбек жолын 1997 жылы салық органдарында бастаған. Қостанай облысы бойынша Салық комитетінде әртүрлі лауазымдар атқарған. Атырау облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Салық департаментінің басшысы. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық салу әдіснамасы департаментінің директоры.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №423-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)