ҚҚС басқару есебін енгізу арқылы ҚҚС әкімшілігінің жаңа әдісі туралы ақпарат

     Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен «Жаңғырту 3.0» жобасы шеңберінде «Blockchain технологиясын пайдалану арқылы ҚҚС әкімшілендіру» бастамасын жүзеге асыру бойынша, ҚҚС әкімшілендірумен байланысты бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған жұмыс атқарылуда, соның ішінде:

  • экспорттаушыларға ҚҚС қайтару рәсімінің күрделілігі;

  • ел ішінде сатуды жүзеге асыратын компаниялар үшін ҚҚС өтеу мүмкін еместігі;

  • ҚҚС жинаудың шамалы деңгейі.

2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін енгізу туралы »Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚҚС бойынша бақылау шотына қатысты жаңа Салық кодексінің үзінділері

433-бап. Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері

1. Осы бап қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының бақылау шотын (бұдан әрі - бақылау шоты) пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару ерекшеліктерін белгілейді.