2019 ЖБИ ДЭФ Рейтингісі

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБИ ДЭФ) бойынша 2019 жылғы есебі жарияланды.

2019 жылғы рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан жалпы позицияда   55 орын алады, алдыңғы жылмен салыстырғанда (59 орын) 4 позиция жақсарды.

«7.07 Кедендік рәсімдеудің тиімділігі» көрсеткіші бойынша Қазақстан   64 орынға ие, алдыңғы есеппен салыстырғанда ұстаным өзгеріссіз қалды.

Анықтама үшін:

Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің индексі (ЖБИ) - Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) жыл сайынғы есебі, ол:

- мемлекеттің және оның органдарының тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету қабілетін анықтайды;

- экономикалық өсудің негізгі аспектілерін анықтайды;

- экономикалық саясаттың проблемалық бағыттарын анықтау және саяси модельді жетілдіру стратегиясын жасау құралы;

- елдің өнімділік деңгейін анықтайтын институттар, саясаттар мен факторлардың жиынтығы.

Кедендік әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталған келесі шаралар осы көрсеткіш бойынша позицияның сақталуына әсер етті:

- «АСТАНА-1» электронды декларациясын енгізумен СЭҚ  қатысушылардың кедендік декларациялауға уақыт пен қаржылық шығындарын қысқарту, 100% электронды декларациялау қамтамасыз етілді;

- «Бірыңғай терезе» механизмін енгізу (2019 жылғы 27 наурыздан бастап),  СЭҚ  қатысушыларға бірыңғай қол жеткізу арнасы арқылы стандартталған нысанда экспорттық-импорттық операцияларды жүргізуге қажетті ақпаратты алуға, сондай-ақ 55 лицензияға және рұқсат қағаздарына электронды түрде электрондық өтінім беруге мүмкіндік берді;

- тауарларды кедендік декларациялау кезінде тек автоматтандырылған ТБЖ негізінде, оның ішінде кедендік процестерді жеңілдетуге және жылдамдатуға мүмкіндік беретін бақылау шараларын тауарлар шығарылғаннан кейінгі кезеңге бағыттау.

Сонымен қатар, шекара өткізу пункттерін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың аясында Орталық Азиядағы ең ірі «Нұр жолы» өткізу пункті 2018 жылдың қыркүйегінде ашылды.

Анықтама үшін: өткізу пунктінің аумағы 25 га, 14 жолақты, барлық жолдарда жабдықталған, жылдам және үздіксіз шекарадан өтуге арналған, тәулігіне 2500 автокөлік өткізу қабілеті бар.

«Құрық» теңіз портында автомобиль құрамдас бөлігінде қажетті инфрақұрылым салынды, кедендік рәсімдеу Аймағы жұмыс істеп тұрды, тиісті жүктерді қабылдауға және ауыстырып тиеуге қажетті жабдықтар орнатылды.

Анықтама үшін: 2017 жылдың ақпанында теміржол құрамдас бөлігі (1-ші іске қосу кешені), 2018 жылдың тамызында автомобиль компоненті (2-ші іске қосу кешені) пайдалануға берілді.

 

ДЭФ ЖБИ рейтингісі