«Гологфиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркасын қолданып алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі (ЕБМ АЖ)

ЕБМ АЖ-ның мағынасы.

«Гологфиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркасын қолданып алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі (ЕБМ АЖ) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау саласында,  қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың негізінде, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерімен орындалатын функцияларды автоматтандыруға арналған.

ЕБМ АЖ-ның мақсаты мен міндеттері.

Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылауды әкімшілендіру мен жүзеге асыруды жақсарту ЕБМ АЖ-ның негізгі мақсаты болып табылады. ЕБМ АЖ төмендегі міндеттерді шешуге арналған:

- тапсырыс процесін, есептік-бақылау маркасының (ЕБМ) түсу, беру және шығыс  есебін автоматтандыру;

- ЕБМ-ға штрих-кодты жағуға және алкоголь өнімдерін одан әрі таңбалау үшін ЕБМ-ді алуға алкоголь өнімінің өндірушілерінен және импорттаушыларынан өтінішті қабылдау, есепке алу және қарау процестерін автоматтандыру;

- ЕБМ-ға штрих-кодты жағу процесін автоматтандыру (екі өлшемдік PDF417 штрих код түріндегі қызметтік ақпарат және жазулық-цифрлық нысандағы тұтынушылық ақпарат); екі өлшемдік штрих код түрінде ЕБМ-ға жағылған қызметтік ақпаратты оқу және ЕБМ-ді бірдейлендіру есебінен көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарында алкоголь өнімдерінің түпнұсқалығын жедел тексерудің ақпараттық қолдауы;

- аймақтық деректер базасын (аумақтық салық комитеттерінде) және өндіріс, алкоголь өнімдерінің импорты және Қазақстан Республикасының аумағында көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарын тексеру нәтижесі туралы, республикалық деректер базасын (ҚР ҚМ МКК) қалыптастыруды және жүргізуді автоматтандыру.

 

Бағдарламалық қамтамасыз ету

«Алкогольдік өнімді өндіру және оның айналымын голографиялық сақтандыру элементтерімен есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланып бақылау» ақпараттық жүйесі (ЕБМ АЖ) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы 1.18.104.0 версиясы

Бағдарламалық қамтамасыз етудің дистрибутивы және нұсқаулық материалы